Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Роналдудың «Әл-Наср» ойынынан неліктен бас тартқаны белгілі болды

02.02.2026, 18:45

40 жастағы футболшының келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жалғасады

Роналдудың «Әл-Наср» ойынынан неліктен бас тартқаны белгілі болды
Getty sport

Португалиялық шабуылшы әрі «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының 20-туры аясында «Эр-Риядқа» қарсы өтетін матчқа қатыспайтын болды.

Бұл шешім клуб басшылығының жұмысына көңілі толмауына байланысты қабылданған. Бұл туралы A Bola басылымы клубтағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздің мәліметінше, Роналду «Әл-Насрды» басқаруда Сауд Арабиясының Суверендік қоры (PIF) бәсекелес «Әл-Хиляльмен» салыстырғанда теңсіз саясат ұстанып отыр деп есептейді. Қазіргі таңда «Әл-Наср» турнирлік кестеде көш бастап тұрған «Әл-Хиляльден» үш ұпайға қалып келеді.

Айта кетейік, қысқы трансферлік кезеңде «Әл-Наср» құрамын тек 21 жастағы Ирактың жартылай қорғаушысы Хайдир Абдулкариммен ғана күшейтті. Сонымен қатар клуб әкімшілігінде спорт директоры Симау Коутинью мен бас директор Жозе Семедудың өкілеттігі уақытша тоқтатылған.

Ал «Әл-Хиляль» де PIF бақылауында болғанына қарамастан, бірнеше ірі трансфер жасап үлгерді және «Әл-Иттихадпен» жаңа келісімшартқа келе алмаған Карим Бенземаны өз қатарына қосуы мүмкін.

40 жастағы Криштиану Роналдудың «Әл-Насрмен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жалғасады. Ол осы маусымда 22 матчта 18 гол соғып үлгерген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам