Екінші орынға Мюллер жайғасты.
«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси жаңа маусым басталар алдында Goal порталының нұсқасы бойынша MLS чемпионатындағы ең үздік футболшы деп танылды.
Рейтингтің екінші сатысына Томас Мюллер көтерілсе, үздік үштікті Сон Хён Мин түйіндеді. Ал алғашқы ондыққа енген футболшылардың толық тізімі мынадай:
10. Сэм Серридж («Нэшвилл»);
9. Себастьян Берхалтер («Ванкувер»);
8. Кристиан Ролдан («Сиэтл»);
7. Эвандер («Цинциннати»);
6. Дени Буанга («Лос-Анджелес»);
5. Родриго Де Поль («Интер Майами»);
4. Андерс Дрейер («Сан-Диего»);
3. Сон Хён Мин («Лос-Анджелес»);
2. Томас Мюллер («Ванкувер»);
1. Лионель Месси («Интер Майами»).
Айта кетейік, аргентиналық жұлдыз «Интер Майами» сапында 2023 жылдан бері өнер көрсетеді.
Ал MLS жаңа маусымы 22 ақпанда басталады.