Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Қазақстан құрамасы «Манчестер Сити» мен «Реал» жұлдыздарын күтеді

09.02.2024, 18:05

Аталған турнир аясында ұлттық құрама 6 ойын өткізеді

Қазақстан құрамасы «Манчестер Сити» мен «Реал» жұлдыздарын күтеді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасында ойнайтын матчтарының кестесі жарияланды.

Еске салайық, кеше Парижде Ұлттар лигасы топтық кезеңі ойындарының жеребесі тартылған болатын. B дивизионында өнер көрсететін Қазақстан Аустрия, Норвегия және Словениямен бір топқа түсті. Яғни, елімізге биыл әлемдік футбол жұлдыздары Эрлинг Холанд (Норвегия), Давид Алаба (Аустрия) және Ян Облак (Словения) сынды ойыншылар келуі мүмкін.

Өз алаңындағы бірінші ойынды Магомед Адиев шәкірттері 6 қыркүйекте Норвегияға қарсы ойнайды. Мұнан кейін, 13 қазанда Словения футболшыларын қабылдаймыз. Ал, 14 қарашада елімізге Аустрия құрамасы келеді.

Ұлттар лигасы топтық кезеңінде Қазақстан ойындарының кестесі төмендегідей:

6 қыркүйек
Қазақстан – Норвегия

9 қыркүйек
Словения – Қазақстан

10 қазан
Аустрия – Қазақстан

13 қазан
Қазақстан – Словения

14 қараша
Қазақстан – Аустрия

17 қараша
Норвегия – Қазақстан

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам