Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ресми: Абат Айымбетов Румыния клубының ойыншысы атанды

13.02.2026, 17:09

Айымбетов команда сапына еркін агент ретінде қосылды

Ресми: Абат Айымбетов Румыния клубының ойыншысы атанды
ҚФФ

Қазақстан футболшысы Абат Айымбетов ресми түрде «Петролул» клубымен келісімшарт жасасты. Ол FC Petrolul Ploiești клубымен осы маусымның соңына дейін келісімге қол қойды. Келісімшартта клуб тарапынан оны ұзарту мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ Айымбетов команда сапына еркін агент ретінде қосылды.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлап, қазақстандық ойыншының әлеуетін жоғары бағалады.

«Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 45 матч өткізіп, 9 гол соққан 30 жастағы Айымбетов “қасқырлардың” шабуыл шебін күшейте түспек», – деп жазды «Петролул» клубының баспасөз қызметі.

Соңғы рет Түркияның жоғары лигасында өнер көрсететін «Adana Demirspor» клубының намысын қорғаған Айымбетов бір жарым маусым ішінде 37 ойынға қатысып, 6 гол соқты. Бұған дейін ол «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» клубтарында доп тепкен. Оның еншісінде туған елінде жеңіп алған үш чемпиондық титул мен Қазақстан Кубогы бар.

Айта кетейік, «Петролул» қазіргі таңда Румыния чемпионатының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Дегенмен клуб өз тарихында үш мәрте ел чемпионы атанып, Румыния кубогын да иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам