Клуб өз алаңында 0:5 есебімен ұтылған.
Алматының «Қайрат» клубының қорғаушысы Александр Мартынович Чемпиондар лигасындағы «Реал Мадридпен» өткен матчтан кейін есте қалған бір сәтті бөлісті.
2025 жылдың қыркүйегінде Рафаэль Уразбахтин шәкірттері мадридтік алыпқа өз алаңында 0:5 есебімен жол берген еді. УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 2-турында өткен кездесуде француз жұлдызы Килиан Мбаппе хет-трик жасап, «корольдік клубтың» ірі есеп айырмасымен жеңіске жетуіне септігін тигізді.
Матчтан соң Мартынович пен Мбаппе жейделерін алмасқан.
«Реалмен» ойыннан кейін Мбаппеден жейдесін сұрадым. Ол бірден келісті де, жейдесін берді. Сосын мен: «Саған менікі керек пе?» деп едім, ол «Әрине» деп жауап қатты», - деді қорғаушы «Матч ТВ» эфирінде.
Айта кетейік, ЧЛ-2025/26 маусымында Қазақстан чемпионы «Интер» (1:2) және «Арсенал»(2:3) клубтарымен де күш сынасты. Ал сегіз матчтағы жалғыз ұпайды 3-турда «Пафоспен» өткен кездесуде (0:0) еншіленді.