АПЛ клубы бір маусымда төртінші рет бапкер ауыстырды

Telegram WhatsApp

«Ноттингем Форест» АПЛ турнирлік кестесінде 17-орында тұр

Getty Images
Getty Images

Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсететін Ноттингем Форест португалиялық маман Витор Перейраны бас бапкер қызметіне тағайындады.

Перейра осы маусымда «Ноттингем Форесттің» тізгінін ұстаған төртінші бас бапкер атанды. Ол бұл қызметте Шон Дайчтің орнын басқан.  Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, 57 жастағы жаттықтырушымен жасалған келісімшарт 2027 жылға дейін есептеліп отыр.

Қыркүйек айында клуб 2023 жылдан бері команданы жаттықтырған Нуну Эшпириту Сантумен қош айтысқан еді. Сондай-ақ маусым барысында команданы австралиялық маман Ангелос Постекоглу де жаттықтырды. Перейра 2024 жылдың желтоқсанынан бастап Англияның «Вулверхэмптон» клубын баптады. Қыркүйекте ол командамен келісімшартын үш жылға ұзартқанымен, қараша айында маусымның сәтсіз басталуына байланысты қызметінен босатылған.

Перейра бұған дейін португалиялық Санта-Клара мен Порту, саудиялық Аль-Ахли және Аль-Шабаб, грек клубы Олимпиакос, түркиялық Фенербахче, германиялық Мюнхен-1860, қытайлық Шанхай СИПГ, сондай-ақ бразилиялық Коринтианс пен Фламенго клубтарында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта «Ноттингем Форест» АПЛ турнирлік кестесінде 27 ұпаймен 17-орында тұр.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 815 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›