Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

АПЛ-ның бұрынғы жұлдызы әуежайда ұсталды

16.02.2026, 17:58

Ол 2011-2016 жылдары «Ливерпуль» сапында ойнады. 

АПЛ-ның бұрынғы жұлдызы әуежайда ұсталды
© Getty Images / Robin Jones - AFC Bournemouth

Англиялық вингер Джордон Айбтың басы тағы дауға қалды. Бұрын «Ливерпуль» сапында өнер көрсеткен 30 жастағы футболшы Англияға оралған сәтінде Лутон әуежайында ұсталды.

The Sun мәліметінше, Айб Болгариядан ұшып келген. Қазіргі таңда ол Софияның «Локомотив София» клубында доп теуіп жүр. Елге аяқ баса салысымен футболшы «шабуыл жасады» деген айыппен қамауға алынған. Тергеу аяқталғаннан кейін ол кепілмен босатылды. Алғашқы сот отырысы 6 наурызға белгіленген.

Іс 2025 жылдың 14 желтоқсанында болған оқиғамен байланысты екені айтылғанымен, ресми деректерде жайттың егжей-тегжейі ашық жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Айб бұған дейін де ұйқысыздыққа қарсы дәрі алу үшін жалған рецепт қолданғанын мойындап, 230 фунт стерлинг көлемінде айыппұл төлеген еді.

Кезінде ағылшын футболының болашақ жұлдызы саналған Айб «Ливерпуль» қайта құру кезеңінен өтіп жатқан тұста негізгі құрамда ойнады. Алайда «Энфилдтен» кеткен соң оның мансабында тұрақсыздық басталды.

Джордон Айб «Ливерпуль» жейдесін 2011-2016 жылдары киді. Осы аралықта оған артылған үміт зор болғанымен, футболшы өз әлеуетін толық аша алмады. Клуб сапында 58 матч өткізіп, төрт гол соқты. Сондай-ақ «Бирмингем Сити» мен «Дерби Каунти» командаларына жалға берілді.

Ақыры Айб «Борнмут» клубына 15 миллион фунт стерлингке сатылды. Бірақ ол жақта да үмітті ақтай алған жоқ. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам