Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Нани дебют жасаған ойында «Ақтөбе» ірі есеппен жеңілді

16.02.2026, 23:16

Кездесу Түркияда өтті.

Нани дебют жасаған ойында «Ақтөбе» ірі есеппен жеңілді
instagram.com/luisnani

«Ақтөбе» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында Ресейдің «Уфа»командасымен бақылау матчын өткізді.

Кездесу 4:1 есебімен «Уфаның» жеңісімен аяқталды. «Қызыл-ақтардың» сапындағы жалғыз голды шабуылшы Артур Шушеначев салды.

Аталған матчта Луиш Нани алаңға шықты. Атақты португалиялық вингер осы кездесуде қазақстандық клуб сапында дебют жасады.

Еске сала кетейік, Нани «Ақтөбемен» ресми келісімшартқа 2026 жылдың 25 қаңтарында қол қойды. Ол қазақстандық клуб үшін 13 айлық үзілістен кейін мансабын қайта жалғастырды. 

Нани «Манчестер Юнайтед» сапында төрт рет Англия чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды, сондай-ақ Чемпиондар лигасының кубогын иеленді.

Сонымен қатар Португалия ұлттық құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам