«Оқжетпес» клубы Назарбаевтың тұсында танылған Иван Сауэр бастаған фермерлердің қарамағына өтті

Telegram WhatsApp

Енді клубтың қаржыландыруы дәл осы қор арқылы жүзеге асады

Ақмола облысының әкімдігі
Ақмола облысының әкімдігі

Көкшетауда «Оқжетпес» футбол клубын коммерцияландыру және басқарудың жаңа моделіне көшіру процесі ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде мәлім болды.

Жиында клубты басқарудың жаңа жүйесі таныстырылып, оның басты мақсаты – жергілікті бюджетке түсетін салмақты азайту екені айтылды.

Клубты реформалаудың негізгі құралы ретінде арнайы құрылған ФК «Оқжетпес» қоғамдық қоры ұсынылды. Қордың құрылтайшысы – елімізге белгілі аграрлық сала өкілі, «Родина» агрофирмасының директоры, Қазақстанның Еңбек ері Иван Сауэр.

Енді клубтың қаржыландыруы дәл осы қор арқылы жүзеге асады. Жоба бойынша «Оқжетпеске» қолдау көрсету үшін өңірдегі ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары тартылмақ. Бұл клубтың бір ғана инвесторға тәуелді болмай, бірнеше кәсіпкерден тұратын пул арқылы тұрақты қаржылық негізге ие болатынын көрсетеді.

Клубты жаңа модельге көшіру мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби спортты бюджет есебінен қаржыландыруды кезең-кезеңімен қысқарту туралы тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда.

Жаңа жүйе бойынша қандай өзгерістер болады?

  • Қаржылық тұрақтылық: клуб енді өңірлік бизнес тарапынан тікелей қолдауға сүйенеді.

  • Ашықтық: қор құрылымы демеушілердің қаржының жұмсалуын бақылауына мүмкіндік береді.

  • Әкімдіктің рөлі: облыс әкімдігі реттеуші ретінде қалып, спорт ұйымы мен жеке сектор арасындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Жаңа басқару жүйесінде клубқа тұрақты түрде чемпионатта жақсы өнер көрсету және өз тәрбиеленушілерін дамыту міндеті қойылды. Сонымен қатар, қымбат легионерлерді сатып алу жоспарда жоқ екені атап өтілді.

Айта кетейік, Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі ел көлемінде жүріп жатыр. Бұған дейін:

  • «Шахтер» клубын – Тимур Турлов,

  • «Жеңіс» клубын – Михаил Ломтадзе,

  • «Қызылжарды» – Сергей Кан,

  • «Қайсарды» – Исламғали Қозбақов басқаруға алған.

Ал «Астана» клубына да инвестор табылғаны айтылып, оның есімі кейін жарияланатыны хабарланды.

Мемлекет кәсіби футболды жекешелендіру бағытын 2025 жылдан бастап белсенді түрде күшейтіп, басты мақсат ретінде бюджет шығынын қысқартып, бизнесті спортқа тартуды белгіледі.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 388 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 509 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 283 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›