Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Шотландияда Ислам Чесноковтің алғашқы голына баға берілді

Бүгін, 17:11

Ол матчтың 45-минутында мергендік танытты.

Шотландияда Ислам Чесноковтің алғашқы голына баға берілді
Malcolm Mackenzie/Getty Images

The Scottish Sun басылымының шолушысы Роберт Мартин қазақстандық вингер Ислам Чесноковтің «Хартс» сапындағы ойынына баға берді. Бұл туралы ASnews.kz хабарлады.

Сарапшының сөзінше, қазақстандық футболшы командадағы орнын біртіндеп нақтылап келеді.

«Ол жақсы ойнады, гол соғатын сәтін тамаша пайдаланды. Тағы бірде сәттілік жетіспеді – қарсылас қорғаушы соққыны дер кезінде тоқтатып үлгерді. Чесноков команда үшін маңызды ойыншыға айнала бастады. Әр ойында шеберлігі шыңдалып, өзіне деген сенімі артып келе жатқанын көріп отырмыз», - деді Мартин.

Еске сала кетейік, Чесноков Шотландия Премьер-лигасының 28-турында «Фалкиркке» қарсы кездесуде «Хартс» сапындағы алғашқы голын салды. Қазақстан құрамасының вингері үшін бұл Эдинбург клубындағы небәрі төртінші матч: 17 қаңтарда ол жергілікті Кубокта дебют жасаса, кейін чемпионатта «Хиберниан» және «Рейнджерс» клубтарына қарсы ойындарға қатысты.

Осы жеңістен кейін турнир кестесінде көш бастап тұрған «Хартс» екінші орында келе жатқан «Рейнджерстен» бес ұпайға ұзап кетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам