Абдукодир Хусанов Азияның үздік футболшысы атанды

Telegram WhatsApp

Сон Хын Мин бұрынғыдай жарқырап көрінбей кетті, ал жапониялық талант Такефуса Кубо соңғы турларда қарқынын бәсеңдеткен

©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk
©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

YouTube-тағы «МЯЧ Production» арнасының жаңа шығарылымында әр құрлықтың үздік футболшылары анықталды. Бағдарлама жүргізушісі Александр Журавлев Азияның үздік ойыншысы ретінде күтпеген, бірақ дәлелді таңдау жасап, Абдукодир Хусанов есімін атады.

Азия құрлығындағы үздікті анықтау барысында Журавлев біраз ойланғанын жасырмады. Оның айтуынша, Сон Хын Мин бұрынғыдай жарқырап көрінбей кетті, ал жапониялық талант Такефуса Кубо соңғы турларда қарқынын бәсеңдеткен.

«Атау қиын, өйткені Сон бұрынғы деңгейінде емес, Кубо мықты, бірақ соңғы уақытта сәл төмендеді. Сондықтан – Хусанов. Дәл қазір ол Азиядағы ең үздік ойыншы. "Ман Сити" сапында ойнайды және алаңға шыққанда нәтижесін беріп жүр»

деді Александр Журавлев

«МЯЧ Production» нұсқасы бойынша құрлықтар үздіктері:

  • Еуропа: Килиан Мбаппе

  • Африка: Ашраф Хакими

  • Оңтүстік Америка: Рафинья

  • Солтүстік Америка: Кристиан Пулишич

  • Азия: Абдукодир Хусанов

Абдукодир Хусановтің құрлықтағы үздік атануы жай ғана аванс емес. Оның Англия Премьер-лигасындағы статистикасы бұл атаққа толық негіз бар екенін көрсетеді.

Өзбекстандық қорғаушының Манчестер Сити құрамына ауысуы өткен трансферлік кезеңдегі басты сенсациялардың бірі болды. Команданың негізгі қорғаушылары — Рубен Диаш пен Йошко Гвардиол жарақат алғаннан кейін Хусановқа негізгі құрамнан орын ашылды.

Жас қорғаушы берілген мүмкіндікті толық пайдаланды: ол қатарынан 12 матчта негізгі құрамда алаңға шықты. Допты тартып алудағы сенімділігі, прессингтен суырылып шығудағы салқынқандылығы және физикалық қуаты оны «қалалықтардың» осы маусымдағы ең тұрақты ойыншыларының біріне айналдырды.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 388 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 276 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 509 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 579 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 278 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 169 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 283 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 824 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 481
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›