Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Әртістік жүзуден Қазақстан қыздары Париж олимпиадасына жолдама алды

11.02.2024, 11:17

Олар Азия ойындарында қола медаль алған еді

Әртістік жүзуден Қазақстан қыздары Париж олимпиадасына жолдама алды
Olympic.kz

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем біріншілігінде Қазақстан командасы әртістік жүзуден Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды, деп жазды Olympic.kz. 

Әлемдік додада топтық жарыс нәтижесі анықталып, бес жолдама АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада құрамаларына бұйырды. 

Топтық сында квота алған мемлекеттерге дуэт бағдарламасы бойынша да жолдама автоматты түрде беріледі. 

Осыдан соң Азия ойындарында қола медаль алған Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина жұбының нәтижесі құрлықтағы ең жоғары көрсеткіш қатарына еніп, спортшылар Париж олимпиадасына лицензия иеленді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам