Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Абат Айымбетов еуропалық клуб сапында дебют жасады

01.03.2026, 20:41

Кездесу тең аяқталды.

Абат Айымбетов еуропалық клуб сапында дебют жасады
instagram.com/aimbetov9507

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румыния чемпионатында алғаш рет алаңға шықты. 

Ол 29-тур аясында «Петролул» сапында «Меркуря-Чукке» қарсы ойында дебют жасады.

Айымбетов матчтың 83-минутында Шика-Розудың орнына ойынға қосылды. Қазақстандық футболшы алаңға шыққан сәтте есеп 1:1 болып тұрған еді.

Кездесуде есепті 51-минутта Рареш Поп ашқан. Алайда 61-минутта Лоранд Паска пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Есеп тең аяқталды.

Айта кетейік, Абат Айымбетов «Петролул» клубына 2026 жылдың ақпан айында ауысқан болатын. Бұған дейін ол құжаттарды рәсімдеу және жаңа ортаға бейімделу процесіне байланысты чемпионат ойындарына қатыса алмаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам