Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады

04.03.2026, 10:41

Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды

Дастан Сәтпаевты «Челси» капитанының әкесі жаттықтырады
instagram.com/nigeljameselitecoaching

Англиядағы әйгілі Nigel James Elite Coaching футбол академиясының негізін қалаушы Найджел Джеймс Қазақстан ұлттық құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Академияның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Найджел Джеймс талантты қазақстандық футболшының кәсіби дамуына қолдау көрсетіп, оның мансаптық жолында жеке ментор ретінде жұмыс істейді.

«Nigel James Elite Coaching талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету құрметіне ие болды. Дарынды жас ойыншы келесі маусымда «Қайраттан» лондондық «Челси» клубына ауысуды жоспарлап отыр. 17 жастағы шабуылшы — Қазақстан футболында соңғы жылдары шыққан ең жарқын таланттардың бірі. Осылайша Дастан Сәтпаевты, Nigel James Elite Coaching академиясын және «Челси» клубын қызықты оқиғаларға толы кезең күтіп тұр», – делінген академия хабарламасында.

Жарияланған суреттердің бірінде Найджел Джеймс пен Дастан Сәтпаев Алматыдағы «Қайрат» клубының базасында бірге түскен. Болжам бойынша, ағылшын маманы футболшының «Челсиге» толыққанды ауысуына дейін оның жеке дамуына жауап бермек.

Айта кетейік, Найджел Джеймс – «Челси» клубының қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймстің әкесі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам