Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Бункерде түнеп шықтық»: Танымал футболшы Дубайдағы жағдайды айтты

04.03.2026, 11:07

Манчестер Юнайтедтің экс-қорғаушысы Дубайда зымыран шабуылына тап болған

«Бункерде түнеп шықтық»: Танымал футболшы Дубайдағы жағдайды айтты
Gettysport

Футболдан Англия құрамасының және Манчестер Юнайтед клубының бұрынғы қорғаушысы Рио Фердинанд Дубайда зымыран шабуылдары кезінде отбасымен бірге жертөлеге тығылуға мәжбүр болғанын айтты.

The Mirror басылымының жазуынша, 47 жастағы Фердинанд жұбайы Кейт және үш баласымен бірге 2025 жылдың тамызында Дубайға қоныс аударған. Соңғы күндері қала тұрғындары АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясынан кейінгі жауап соққылары аясында шабуылға ұшырап отыр.

Фердинанд сол сәттерді сұхбат кезінде қорқынышпен еске алды.

«Шынымды айтсам, жағдай өте қорқынышты болды. Бірақ бір жағынан өзімді қауіпсіз әрі қорғалғандай сезіндім. Студия мен үшін бункерге айналды. Алғашқы түні шу басталғанда бізге жертөлеге түсуге кеңес берілген соң сол жерде түнеп шықтық. Бұл кеңістікті барынша тиімді пайдаланып жатырмыз», - деді ол.

Футболшы балаларға болып жатқан жағдайды түсіндіру кезінде қиналғанын атады.

«Зымырандардың, ұшақтар мен жойғыш ракеталардың дауысын есту өте қорқынышты. Балаларға не болып жатқанын түсіндіріп, оларды сабырға шақыру керек болды. Өзің де сабыр сақтап, айналаңдағы адамдардың тыныштығын қамтамасыз етуге тырысасың», - деді Фердинанд.

Футболшының жұбайы Кейт Фердинанд та Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялап, отбасының аман екенін жеткізді.

Айта кетейік, Рио Фердинанд «Манчестер Юнайтед» сапында 2002-2014 жылдары өнер көрсеткен. Аталған кезеңде ол алты мәрте Англия чемпионы атанып, төрт мәрте ел Суперкубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын да иеленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам