Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дубайдан шұғыл ұшып кеткен Роналдудың жарақат алғаны белгілі болды

04.03.2026, 11:33

41 жастағы португалиялық футболшы тізесін ауыртып алған

Дубайдан шұғыл ұшып кеткен Роналдудың жарақат алғаны белгілі болды
Gettysport

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы команданың капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналдудың жарақат алғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Клубтың мәліметінше, 41 жастағы португалиялық футболшы «Әл-Фейхаға» қарсы өткен соңғы матчтан кейін тізе буыны сіңірінен жарақат алған.

«Криштиану Роналдуға соңғы «Әл-Фейхаға» қарсы матчтан кейін тізе буыны сіңірінің жарақаты диагнозы қойылды. Ол қалпына келтіру бағдарламасын бастады және оның жағдайы күн сайын бақылауда болады», – делінген клубтың ресми мәлімдемесінде.

Бұған дейін кейбір шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Роналдудың өңірдегі әскери әрекеттердің басталуына байланысты Сауд Арабиясынан уақытша ұшып кеткенін жазған болатын.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы Про-Лигасының 24-туры аясында «Әл-Наср» өз алаңында «Әл-Фейханы» 3:1 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Роналду 81 минут алаңда өнер көрсетті. Португалиялық шабуылшы ойынның 11-минутында пенальтиден гол соға алмай қалған.

Жалпы, биылғы маусымда Роналду Сауд Арабиясы Про-Лигасында 22 матчқа қатысып, 21 гол соқты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам