Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Иран футболдан әлем чемпионатына қатыспайтын болды

11.03.2026, 17:26

Елдегі күрделі ахуал футболшылардың дайындығына мүмкіндік бермей отыр.

Иран футболдан әлем чемпионатына қатыспайтын болды
IMAGO/NOUSHAD THEKKAYIL/Global Look Press

Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали елдің ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмайтынын айтты. Бұл туралы TV2 телеарнасы хабарлады.

Министр мәліметінше, елдегі күрделі саяси әрі әскери жағдай мұндай ірі турнирге дайындалуға мүмкіндік бермей отыр.

«Көшбасшымыздың қазасынан және елге қарсы жасалған әрекеттерден соң әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндігіміз жоқ. Соңғы сегіз-тоғыз ай ішінде Иранға қарсы екі рет соғыс ашылып, салдарынан мыңдаған азаматымыз қаза тапты. Осы жайттардан соң біз әлем чемпионатына қатыса алмаймыз», – деді Доньямали.

Айта кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы G тобына түскен болатын. Бұл топта ирандықтар Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнауы тиіс еді. Топтық кезеңдегі матчтың барлығы АҚШ аумағында жоспарланған.

Турнирден бас тартқан Иранның орнын енді қай команда басатыны белгісіз.

Еске сала кетейік, 28 ақпанда Израиль қорғаныс министрлігі Иран аумағына соққы жасалғанын хабарлаған. Кейін бұл әскери операцияға АҚШ-тың да қосылғаны белгілі болды.

Ал ФИФА президенті Джанни Инфантино АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран құрамасының әлем чемпионатына қатысуына қарсы емес екенін айтқан еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам