ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

ФИФА «Ордабасы» клубына трансферлік бан қойды

Бұған техникалық мәселелер себеп болған.

kazfootball.kz
kazfootball.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 10 наурыз күні шымкенттік «Ордабасы» клубына қатысты үш трансферлік кезеңге тыйым салу туралы шешім шығарды. Алайда бұл жағдай техникалық себептерге байланысты туындағаны белгілі болды.

«Серый CARDINAL» Telegram-арнасының мәліметінше, ФИФА-ның мұндай шешім қабылдауына клубтың бұрынғы ойыншысы Артем Бесединге және тағы бір футболшыға жасалуы тиіс төлемнің уақытында жүргізілмеуі себеп болған. Қарызды өтеудің соңғы мерзімі 9 наурыз еді, алайда «Ордабасы» клубы демалысқа байланысты бұл төлемді дер кезінде жүзеге асыра алмаған.

Қазіргі уақытта мәселе толық шешілген. Клуб тарапынан барлық қаржылық міндеттеме орындалғандықтан, трансферлік тыйым жақын күндері алынуы тиіс.

Банның нақты қашан алынатыны футболшылардың ФИФА-ға клубқа қатысты ешқандай талаптарының жоқ екенін растайтын құжаттарды қаншалықты тез дайындауына, сондай-ақ федерацияның бұл құжаттарды қаншалықты жедел қарауына байланысты болмақ. Сонымен қатар «Ордабасы» клубының заңгерлері де қажетті рәсімдерді аяқтауы керек.

Алдын ала мәлімет бойынша, ФИФА салған трансферлік бан ары кеткенде екі апта ішінде толық алынып тасталуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам