Бұл ойында Сәтпаев екінші таймда алаңға шығып, кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голының авторы атанды.
Қазақстандық жас шабуылшы Дастан Сәтпаев шетелдік футбол сарапшыларының назарын өзіне аударуда.
Испан тілді танымал шолушы Хавьер Альфаро («Mundo Deportivo» және «Gol» басылымдары) Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында өткен «Қайрат» пен «Ақтөбе» (1:0) матчы туралы пікір білдірді.
Бұл ойында Сәтпаев екінші таймда алаңға шығып, кездесудегі жалғыз әрі жеңіс голының авторы атанды.
Альфаро жас футболшының шеберлігіне ерекше тоқталып, әлеуметтік желіде былай деп жазды:
«Дастан Сәтпаевтың (2008 жылы туған) екі аяғын да еркін қолдануы, әсіресе қысқа дриблинг кезінде, алтынға бергісіз қасиет. Нағыз өңделмеген гауһар».
Журналист бұл пікірін Сәтпаевтың гол соққан сәтінің видеосымен бірге жариялаған.
Айта кетейік, 17 жастағы шабуылшы биыл тамыз айында 18 жасқа толғаннан кейін лондондық «Челси» клубына қосылуы тиіс.