Аталған турнирдің ойындары 25-28 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2026 жылғы FIFA Series турниріне шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Бастапқы кеңейтілген тізімге енгендерден Димаш Қашкен жоқ. Сондай-ақ қақпашы Александр Заруцкий, қорғаушылардан – Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов, Наурызбек Жагоров, Санжар Сатанов, Сағадат Тұрсынбай, Бағдат Қайыров, Амандық Нәбиханов жоқ.
Одан бөлек Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай, Әділет Садыбеков, Дамир Қасаболат, Ерсұлтан Қалдыбеков, Зикрилло Сұлтаниязов, , Дамир Марат, Александр Зуев, Георгий Жуков, Рамазан Бағдат, Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов, Айбар Жақсылықов негізгі тізімге қосылмады.
Аталған турнирдің ойындары 25-28 наурыз аралығында Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді.
Құрама сапына барлығы 26 футболшы енді.
Қақпашылар:
Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар:
Сергей Малый («Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (барлығы – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Мейрамбек Қалмырза («Тобыл»), Әділет Кенесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар:
Рамазан Оразов («Елімай»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Жасұлан Жұмашев («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Ахмат», Ресей).
Шабуылшылар:
Дастан Сатпаев («Қайрат»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Иван Свиридов («Елімай»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).
Айта кетейік, бұл матчтар Қазақстан құрамасы үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, ойыншылардың дайындығын пысықтауға мүмкіндік береді.