Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

ҚПЛ футболшылары Финляндия құрамасына шақырту алды

17.03.2026, 20:32

Құрама FIFA Series турниріне қатысады.

ҚПЛ футболшылары Финляндия құрамасына шақырту алды
©instagram.com/elnankuvat

Алматының «Қайрат» клубының финляндиялық легионерлері Яакко Оксанен мен Ойва Юккола ұлттық құрамаға шақырту алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Финляндия құрамасы наурыз айында FIFA Series 2026 турнирі аясында Жаңа Зеландияда екі матч өткізеді. 27 наурызда алаң иелері – Жаңа Зеландиямен кездессе, 30 наурызда Кабо-Верде құрамасына қарсы ойнайды. Екі кездесу де Оклендтегі «Иден Парк» стадионында өтеді.

Яакко Оксанен «Қайрат» сапына 2025 жылдың 15 желтоқсанында «КУПС» клубынан ауысып, 2027 жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойған. Ал Ойва Юккола алматылық командаға 2026 жылдың 11 ақпанында «Ильвес» клубынан келді, оның келісімі де 2027 жылдың соңына дейін жарамды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы да FIFA Series турниріне қатысатын құрамын жариялаған болатын. Жарыс 25-28 наурыз аралығында Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Құрама сапына барлығы 26 футболшы енген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам