Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Сенегал құрамасы Африка ұлттар кубогын Мароккоға беруден бас тартты

Бүгін, 15:08

Африка ұлттар кубогының финалы 18 қаңтарда өткен болатын.

Сенегал құрамасы Африка ұлттар кубогын Мароккоға беруден бас тартты
© Robbie Jay Barratt - AMA / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Футболдан Сенегал құрамасының капитаны Калиду Кулибали Африка ұлттар кубогының жүлдесін Мароккоға қайтарудан үзілді-кесілді бас тартты.

Бұған дейін Сенегал футбол федерациясы спорттық арбитраж сотына (CAS) шағым түсіретінін мәлімдеп, Африка футбол конфедерациясының (CAF) кубокты Мароккоға беру шешімін «әділетсіз, бұрын-соңды болмаған және қабылдауға келмейтін, африкалық футболдың беделіне нұқсан келтіретін» деп атаған еді.

Калиду Кулибали CAF финалда Мароккомен өткен матчқа техникалық жеңіліс беріп, турнир жеңісін Мароккоға бергеніне қарамастан команда кубокты қайтармайтынын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Чемпиондарды құрметтеңіздер. Трофей осында және ешқайда кетпейді. Түсінгендеріңізге рахмет!», - деп жазба жариялады.

Африка ұлттар кубогының финалы 18 қаңтарда Рабатта өткен болатын. Матчтың екінші таймына қосылған сегізінші минутта видеоқайта қараудан кейін сенегалдықтардың голы есептелмей қалды. Содан кейін олардың қақпасына пенальти белгіленді.

Сенегал құрамасының бас бапкері Пап Тьяв наразылық ретінде команданы алаңнан алып кеткен. Алайда ойыншылар 15 минуттан кейін алаңға қайта оралды. Ал марокколық Браим Диас орындаған пенальти жүзеге аспады. Ал қосымша уақытта сенегалдық Пап Гейе жеңіс голын соқты. Матч 1:0 есебімен Сенегалдың пайдасына аяқталды.

Алайда 17 наурызда CAF Сенегал құрамасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс берілгенін хабарлап, турнир жеңімпазы ретінде Марокко құрамасын жариялады. Конфедерацияның апелляциялық кеңесі сенегалдықтар турнир ережесінің екі бабын бұзды деп шешті, онда төрешінің рұқсатынсыз ойынды жалғастырудан бас тартқан жағдайда техникалық жеңіліс қарастырылған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам