Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Дулат Бекбауов өзбекстандық боксшымен WBC титулын сарапқа салады

20.03.2026, 23:02

Кездесу 28 наурызда өтеді.

Дулат Бекбауов өзбекстандық боксшымен WBC титулын сарапқа салады
instagram.com/rdproboxing

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов WBC Greater Turan аймақтық белбеуі үшін титулдық жекпе-жек өткізеді.

Оның қарсыласы - өзбекстандық Абдурасул Исмоилов. Белбеу сарапқа салынатын кездесу 28 наурыз күні Тараз қаласында өтетін бокс кешінде ұйымдастырылады.

Промоушен мәліметінше, бұл айқас 10 раундқа жоспарланған. 

«Дулат Бекбауов (2-0, 2 KO) пен Абдурасул Исмоилов (11-3-1, 7 KO) арасындағы жекпе-жекте WBC Greater Turan титулы сарапқа салынады», - делінген Rdproboxing таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Дулат Бекбауов әуесқой бокста жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Оның ең үлкен жетістігі - 2023 жылы Ташкент қаласында өткен әлем чемпионатындағы күміс жүлде. Сонымен қатар ол Азия чемпионатында екі мәрте күміс медаль иеленген (2022, 2024).

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 2025 жылдың шілдесінде өткізді. Ал сол жылдың желтоқсанында Алматыда өткен кездесуде өзбекстандық Хасанбой Мирзахамраевты үшінші раундта нокаутпен жеңген.

Абдурасул Исмоилов - халықаралық деңгейде жиі өнер көрсетіп жүрген былғары қолғап шебері. Ол Ресей, Вьетнам, Оңтүстік Корея және Қытайдағы турнирлерге қатысқан. Соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың ақпанында Мәскеуде өткізіп, ресейлік Артур Субханкуловпен WBA Asia белбеуі үшін жұдырықтасқан. Алайда қарсыласына жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам