Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Иранның әйгілі шабуылшысы араб шейхтерін мақтағаны үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Бүгін, 11:42

Ол сот алдында жауап беруі де мүмкін

Иранның әйгілі шабуылшысы араб шейхтерін мақтағаны үшін ұлттық құрамадан шеттетілді
Getty Images

Дубайдың «Әл-Ахли» футбол клубының шабуылшысы Сердар Азмун Иран ұлттық құрамасынан шығарылды. Бұған себеп – даңқты футболшының БАӘ басшыларымен бірге түскен фотосы мен жазбасы деп жазады «Чемпионат».

Сердар Азмун әлеуметтік желідегі парақшасында араб шейхтерімен бірге түскен фотосуретін жариялап, «әлемнің ең ақылды адамдарымен болған кездесу мен үшін мәртебе» деген сарында жазба қалдырды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің жазуынша, Иран футбол федерациясы Азмунның бұл әрекетін қатаң сынға алып, оны ұлттық құрама сапынан шығарып тастаған. Бұдан бөлек, ол сот алдында жауап беруі де мүмкін.

Сердар Азмуз Иран құрамасы сапында 91 матч өткізіп, 57 гол соққан және 17 нәтижелі паспен көзге түскен.

Ал, Біріккен Араб Әмірліктері болса дәл қазіргі таңда Иранның тарапынан атқылауға ұшырап жатыр. Парсы елінің басшылары БАӘ-ны АҚШ пен Израильдің серіктесі деп таныған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам