Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Құны 20 млн доллар: Роналдудың сүйіктісі ең қымбат сурет жариялап, жұртты таңғалдырды

22.03.2026, 22:07

Суретте футболшы екеуінің көлікте отырғанын байқауға болады.

Құны 20 млн доллар: Роналдудың сүйіктісі ең қымбат сурет жариялап, жұртты таңғалдырды
Tullio M. Puglia / Getty Images

Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен оның сүйіктісі Джорджина Родригес әлі күнге дейін көпшілік күткен үйлену тойын өткізген жоқ. Соған қарамастан Джорджина әлеуметтік желіде екеуінің бірге түскен суреттері мен футболшы сыйлаған қымбат әшекей бұйымдарын жиі көрсетеді.

Бұл жолы да ол Instagram парақшасында Роналдумен бірге түскен жаңа суретін жариялап, жұрт назарын өзіне аударды.

Желі қолданушылары бұл кадрды «ең қымбат фотолардың бірі» деп бағалап жатыр. Себебі суретте бірден бірнеше бағалы дүниені көруге болады. Ең алдымен көзге түсетіні - шамамен 6 миллион долларға бағаланатын сақина.

Сонымен қатар кадрда құны 13,5 миллион доллар тұратын Bugatti Centodieci көлігі және бағасы жүздеген мың доллардан асатын Patek Philippe сағаттарын көруге болады. Роналдудың қолындағы Patek Philippe 5719/10G құны 700 000 доллар шамасында, ал оның қалыңдығы таққан Patek Philippe 7118/1450R 450 000 доллардай тұрады.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың әрбір жарияланымы әлеуметтік желіде қызу талқыланып, миллиондаған лайк жинайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам