Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақтөбенің» бас бапкері ауысуы мүмкін

22.03.2026, 16:35

Клуб қатарынан екі ойында жеңілді.

«Ақтөбенің» бас бапкері ауысуы мүмкін
«Ақтөбе» ФК

«Ақтөбе» клубы басшылығының команданың бас бапкері, болгариялық маман Николай Костовтың жұмысына көңілі толмай отыр.

Соңғы деректерге сәйкес, ол жуырда қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы ASnews.kz хабарлайды.

Костовтың жетекшілігімен «қызыл-ақтар» қатарынан екі матчта жеңіліс тапты: «Қайраттан» 0:1 есебімен ұтылса, «Елімай» командасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңілді.

Үш турдан кейін «Ақтөбе» бар болғаны бір ұпай ғана жинаған. Айта кетейік, команда алғашқы турда ғана жеңіске жетіп, өз алаңында «Тобылды» 4:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Дереккөздер мәліметінше, клуб басшылығы қазірдің өзінде жаңа бас бапкер іздеуге кіріскен. Сонымен қатар трансферлік терезе жабылғанға дейін құрамды күшейту жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Еске салайық, Николай Костов бұған дейін Қазақстанда «Каспий» мен «Шахтёр» клубтарын жаттықтырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам