Египеттік шабуылшы ағылшын клубында оныншы жыл қатарынан ойнап келеді
«Ливерпульдің» ең танымал шабуылшыларының бірі Мохамед Салах маусым аяқтала клубтан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ағылшын командасының ресми өкілдері мәлімдеп отыр.
33 жастағы шабуылшының «Ливерпульмен» келісімшарты 2027 жылға дейін жасалған. Алайда, ол 2025/26 жылғы маусым соңына дейін өнер көрсетеді.
«Өкінішке қарай, бұл күн келді. Мен маусым аяқталысымен «Ливерпульден» кетемін. Бұл команда, қала мен оның адамдары менің өмірімнің ажырамас бір бөлігіне айналып кетеді деп өзім ойғана емеспін. «Ливерпуль» – бұл жай клуб емес. Бұл – сөзбен айтып жеткізе алмайтын махаббат, тарих және рух», - деді әйгілі футболшы.
Айта кетейік, Салах «Ливерпуль» сапына 2017 жылы келді. Осы уақыт аралығында ол 435 матч ойнап, 255 гол соққан және 122 рет нәтижелі пас берген. Клубпен бірге шабуылшы 9 трофей жеңіп алды, оның қатарында Чемпиондар лигасы да бар.