Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Чехияда футболдағы жемқорлық бойынша елуге жуық адам ұсталды

25.03.2026, 09:18

Бәс тігу, парақорлық және матч нәтижелеріне ықпал ету бойынша іс қозғалған

Чехияда футболдағы жемқорлық бойынша елуге жуық адам ұсталды
Getty Images

Чехияда футболдағы жемқорлық ісі бойынша 47 адам қамауға алынды. Операция жоғары лига мен жастар арасындағы жарыстарды қамтыған. Күдіктілер қатарында футболшылардан бастап Карвина қаласының мэрі бары белгілі болды. Бұл туралы iSport.cz басылымы хабарлады.

Аталған қамау операциясы Чехияның шығысындағы Моравия өңірінде жүргізілген. Ұсталғандардың қатарында футбол функционерлері, төрешілер, ойыншылар және клуб өкілдері бар.

Тергеу жұмыстары Чехия футбол қауымдастығының (FAČR) бастамасымен қолға алынған. Оған Europol мен Interpol қатысып жатыр. Барлық әрекеттер келісілген матчтарға қарсы күреспен айналысатын UEFA бөлімшесімен ұйымдастырылып отыр.

FAČR этика комиссиясының төрағасы Мартин Голуб тергеу бәс тігу, парақорлық және матч нәтижелеріне ықпал ету деректеріне қатысты екенін айтты. Іс ұлттық Бірінші лига мен жастар арасындағы жарыстардағы ойындарды қамтиды.

Чехия футбол қауымдастығы жариялаған тізімде ондаған жеке және заңды тұлғалар бар. Оның ішінде «Карвина» клубының Жоғары лигадағы ойыншысы Самуэль Шигут, чемпионат төрешілері, «Опава», «Злин», «Зноймо», «Старт Брно» клубтарының басшылығы, «Злин» клубының бұрынғы басқарма төрағасы, сол клубтың экс-ойыншысы Лукаш Выходил, Карвина қаласының мэрі Ян Вольф және басқалар күдікке ілінген.

Бұл жанжал Чехия құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчы алдында екі күн бұрын тіркелді. 26 наурызда команда Ирландиямен кездесуі тиіс еді.

Чехияның спорт және денсаулық сақтау министрі Борис Штястный X әлеуметтік желісінде бұл жағдайды мұқият бақылап отырғанын және келісілген матчтарға қарсы күресті толық қолдайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам