Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Крылья Советов» басшысы Магомед Адиевтің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді

25.03.2026, 16:15

Екі тарап қазір келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Крылья Советов» басшысы Магомед Адиевтің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді
Қазақстан футбол федерациясы

Самараның «Крылья Советов» клубының директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Яковлев бас бапкер Магомед Адиевтің «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

Оның сөзінше, қазір Ресей чемпионатының қызған шағы және әр матчтың маңызы артып келеді. Клуб директорлар кеңесінің төрағасы Дмитрий Яковлев бұл қауесеттерге түсініктеме беріп, қазіргі таңда бапкердің командамен жұмысын жалғастырып жатқанын нақты айтты:

«Ресей чемпионатының қызған шағы, ал оның шешуші кезеңі клубтардың барлығы үшін аса маңызды. «Крылья Советов» те соның қатарында. Қазіргі таңда команда мен бапкерлер штабы қысқа демалыста. Түрлі болжамдарға қарамастан, жоспар бойынша 27 наурызда команда базаға жиналып, алдағы матчтарға Магомед Адиевтің жетекшілігімен дайындықты жалғастырады», – деді Яковлев.

Сондай-ақ клуб өкілі маманға басқа командалардың қызығушылық танытып отырғанын жасырмады:

«Бапкеріміздің басқа клубтар тарапынан сұранысқа ие болғаны бізді де қуантады. Оған тиімді ұсыныстар түсуі – заңдылық. Алайда дәл қазір ол «Крылья Советов» клубының бас бапкері және жұмысын осында жалғастырады», – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін Магомед Адиевтің «Ақтөбемен» келіссөз жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін бұл мәліметті маманның өзі де растаған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам