Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

АПЛ: ХХІ ғасырдағы үздік футболшы анықталды

25.03.2026, 23:46

Ол Роналду емес.

АПЛ: ХХІ ғасырдағы үздік футболшы анықталды
©Depositphotos.com/newsimages.co.uk

Goal басылымы XXI ғасырдағы Англия Премьер-лигасының ең үздік 25 футболшысының рейтингін жариялады.

Тізім ойыншылардың командадағы жетістіктері, жеке деңгейі, тұрақтылығы мен матч нәтижесіне ықпалы негізінде жасалған. Рейтингке тек 2000 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі көрсеткіштері ескерілген футболшылар енгізілді.

Тізімде көшті лондондық «Арсеналдың» аңыз шабуылшысы Тьерри Анри бастады. Франциялық форвардтың нәтижелі ойыны, алаңдағы қозғалысы ескерілген. Оның ішінде 2003/04 маусымда «Арсенал» сапында соққан 30 голы мен бір маусымда 20 гол және 20 нәтижелі пас жасаған тарихи көрсеткіші ерекше аталған.

Екінші орынға «Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Пол Скоулз жайғасты. Ол Англия чемпионы атағын 11 рет жеңіп алса, соның сегізі осы ғасырда тіркелген. Ал үздік үштікті «Манчестер Юнайтедтің» тағы бір аңызы Уэйн Руни түйіндеді. Ол Премьер-лига тарихындағы ең нәтижелі шабуылшылардың бірі әрі клубтың үздік сұрмергені саналады.

Goal нұсқасы бойынша XXI ғасырдағы АПЛ-ның үздік 25 ойыншысы:

1. Тьерри Анри

2. Пол Скоулз

3. Уэйн Руни

4. Кевин Де Брюйне

5. Мохамед Салах

6. Стивен Джеррард

7. Фрэнк Лэмпард

8. Патрик Виейра

9. Криштиану Роналду

10. Давид Сильва

11. Серхио Агуэро

12. Эден Азар

13. Венсан Компани

14. Дидье Дрогба

15. Родри

16. Рио Фердинанд

17. Джон Терри

18. Харри Кейн

19. Эрлинг Холанд

20. Вирджил ван Дейк

21. Петр Чех

22. Эшли Коул

23. Луис Суарес

24. Сеск Фабрегас

25. Яя Туре

Бұл рейтинг АПЛ тарихындағы әр кезеңнің жұлдыздарын қамтып, соңғы 25 жылдағы лиганың даму эволюциясын да айқын көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам