Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Неймар ұлттық құрамаға шақырыла ма? Бас бапкер нақты жауабын айтты

25.03.2026, 23:55
Неймар ұлттық құрамаға шақырыла ма? Бас бапкер нақты жауабын айтты
Goal.com

16 наурызда Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти әлем чемпионатында ойнайтын ойыншылардың тізімін жариялаған. Олардың қатарында әйгілі Неймардың болмауы жанкүйерлер тарапынан біршама наразылық тудырды. Шабуылшының өзі де бұл шешімнің әділетсіз болғанын ашық айтқан еді. 

Осы резонанстан кейін испан маманы бұл шешімін түсіндіріп, Неймарға мүмкіндік беріле ме деген сұрақтың жауабын айтты.

«Мен бәрін естимін және оқып отырамын. Бірақ, менің міндетім – шешім қабылдау. Әрине, әркімнің өз пікірін ашық айтуға құқы бар. Өйткені, футболда бекітілген нақты бір шындық жоқ. Футбол – дәл ғылым емес. Әркімнің өз пікірі бар және мен оның бәрін құрметтеуге міндеттімін.

Дәл қазір Неймарға қатысты қандай шешім қабылдағанымды айтпаймын, өзге ойыншыларды құрметтегенім дұрыс. Дегенмен, нақты үш қақпашыны бекітіп алдық. Қорғаушылармен де бәрі түсінікті, құрамын өзгерте қоймаймыз», - деді Анчелотти ESPN-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, Неймардың «Барселонадағы» жұлдызды сәтінен кейін жолы ауыр болды. «ПСЖ»-да клуб басшыларымен тіл табыса алмаса, Сауд Арабиясында жарақатына байланысты мүлдем алаңға шыға алмады. Қазір ол туған жеріне оралып, «Сантостың» намысын қорғап жүр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам