Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан FIFA Series халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

31.03.2026, 19:21

Матчтағы жалғыз голды ойынның алғашқы минуттарында Рамазан Оразов соқты

Қазақстан FIFA Series халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
ҚФФ

31 наурыз күні Астанада өткен FIFA Series халықаралық турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Комор аралдарымен ойында жеңіске жетті.

Кездесу 1:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына аяқталды. Матчтағы жалғыз голды ойынның алғашқы минуттарында Рамазан Оразов соқты. Ол қарсылас қорғаушылардың қателігін тиімді пайдаланып, есеп ашты.

Матч барысында Қазақстан құрамасы бірнеше қауіпті сәттер ұйымдастырды. Атап айтқанда, Оралхан Өміртаев офсайдтан гол соқса, Максим Самородов қақпа бағанасына дәл соққы жасады. Дегенмен есеп өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін, 25 наурызда Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңген болатын. Ал Комор аралдары Намибиядан пенальти сериясында 4:5 есебімен жеңілген еді.

Осылайша, екі ойында да жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы 6 ұпай жинап, турнирдің 4-тобында бірінші орынды иеленді. Намибия 2 ұпаймен екінші, ал Комор аралдары 1 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Бұл жеңіс Қазақстан ұлттық құрамасы үшін тарихи нәтиже болды — команда алғаш рет FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам