Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Кремлев Бивол мен Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуге ниет білдірді

31.03.2026, 16:43

Ресейлік кәсіпқой боксшылар Бивол мен Бетербиев бұған дейін екі рет шаршы алаңда кездескен. 

Кремлев Бивол мен Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекті өткізуге ниет білдірді
Global Look Press

Умар Кремлев Халықаралық бокс қауымдастығы атынан (ІВА) әлем чемпионы Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекті ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«IBA Бивол мен Бетербиев арасындағы трилогия жекпе-жегін өткізуге дайын. Бұл - әлемдегі ең үздік боксшылар, олардың кездесуі жаһандық деңгейдегі оқиға», - деді Кремлев.

Оның сөзінше, үшінші айқасқа дейін екі боксшы да бір-бірден аралық жекпе-жек өткізуі тиіс. Осыдан кейін ғана трилогияны нақты ұйымдастыруға көшуге болады.

Сонымен бірге, Кремлев бұл жекпе-жекті Ресейде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.  Оның пікірінше, қазіргі геосаяси жағдайда мұндай ірі оқиғаны өткізу үшін ең қолайлы әрі қауіпсіз орын ретінде Мәскеу ыңғайлы саналады. Себебі, мұнда жарысты жоғары деңгейде ұйымдастыруға барлық мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Бивол мен Бетербиев бұған дейін екі рет кездескен. 2024 жылдың қазан айында өткен алғашқы жекпе-жекте Бетербиев жеңіске жетсе, 2025 жылдың ақпанында өткен реваншта Бивол басым түсті.

35 жастағы Биволдың еншісінде 24 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ол 30 мамыр күні Екатеринбургте өтетін турнирде неміс боксшысы Михаэль Эйфертке қарсы титулдық жекпе-жекке шығады.

Ал 41 жастағы Бетербиев кәсіпқой мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, тек бір рет қана есе жіберген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам