Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан құрамасының көшбасшысы әлемнің үздік ойыншысы атануға үміткер

Бүгін, 17:00

Ол жеті голдың авторы атанған. 

Қазақстан құрамасының көшбасшысы әлемнің үздік ойыншысы атануға үміткер
kff.kz

Қазақстан құрамасының ойыншысы Михаил Кайзер әлемнің үздік ойыншысы атағына үміткер атанды.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы мен «Арман» клубының ойыншысы Михаил Кайзер Beach Soccer Worldwide ұйымы бойынша 2025 жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына енді.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, дауыс беру ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен капитандары арасында өтеді. Бұған дейін Михаил Кайзер 2025 жылғы Еуролиганың В дивизионында ең үздік ойыншы (MVP) атанған еді.

Еуролига-2025 турнирінде ол 7 матч өткізіп, 7 гол соғып, Қазақстан құрамасының басты сұрмергені болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Еуролиганың В дивизионында сәтті өнер көрсетіп, 2026 маусымында А дивизионында ойнау құқығына ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам