Қазақстандық теннисші финалда бағын сынайды
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан теннис турнирінің жартылай финалында оқыс оқиға тіркелді. Елена Рыбакина мен Анастасия Павлюченкова арасындағы матчты көруге келген жанкүйер қазақстандық теннисшінің добын қағып аламын деп құлап кетті.
Айта кетейік, аталған ойында Рыбакина 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол матчтан кейін теннис добына қол қойып, жанкүйерлеріне қарай лақтырған. Допты қаға алмай қалған ер адам оның артынан секіріп, көрермендер трибунасына құлай кетті.
Еске салайық, 17 ақпанда Рыбакина Катар турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен кортқа шығады.