Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Мбаппе «Реалмен» келісімшартқа отырды – инсайдер

17.02.2024, 11:57

Футболшының париждік клубтан жазда кететіні ресми хабарланған болатын

Мбаппе «Реалмен» келісімшартқа отырды – инсайдер
Getty Images

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік «Реалмен» келісімшартқа қол қойды деп хабарлады Marca басылымының танымал инсайлері Альварез де Мун.

«Ол «Реалмен» контрактке қол қойды. Іс бітті», - деп жазды де Мун X әлеуметтік желісінде.

Еске салайық, бұған дейін журналист Фабрицио Романо хабарлағандай, Мбаппе ПСЖ президенті Нассер әл-Хелаифиге өзінің клубтан жазда кететінін ескерткен. Оның париждік клібпен келісімшарты 30 маусымда аяқталады.

Килиан Мбаппе ПСЖ-ға 2017 жылы ауысып келді. Биылғы маусымда ол Франция чемпионатында 19 мачт өткізіп, 20 гол соққан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт