Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ордабасы» «Ақтөбе» жанкүйерлеріне 300 билет сыйлады

Бүгін, 11:02

Екі команда арасындағы тартысты кездесу бүгін өтеді

«Ордабасы» «Ақтөбе» жанкүйерлеріне 300 билет сыйлады
ҚФФ

«Ақтөбе» футбол клубының баспасөз хатшысы Асет Жомарт Қазақстан Премьер-лигасының сегізінші туры аясындағы «Ордабасыға» қарсы сырт алаңдағы маңызды матч алдында жанкүйерлерге үндеу жасады.

Оның айтуынша, шымкенттік клуб ақтөбелік жанкүйерлерге 300 билет сыйлаған.

«Ордабасы» командасы біздің жанкүйерлерге 300 тегін билет берді. Қазір «Ақтөбе» жанкүйерлері Шымкентке жолға шығып жатыр. Екі клубтың да жанкүйерлеріне айтарымыз — футбол мәдениетінің жоғары деңгейін көрсетейік», - деді Асет Жомарт.

Еске салайық, екі команда арасындағы тартысты кездесу бүгін, 3 мамыр күні Шымкентте өтеді. Жеті турдан кейін «Ордабасы» 15 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұр. Ал «Ақтөбе» 10 ұпай жинап, тоғызыншы сатыға жайғасқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам