Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Көңілім толмайды»: Луиш Нани Қазақстан футболының кемшілігін атады

Бүгін, 09:49

Португалиялық жартылай қорғаушы тәртіп бұзушылыққа назар аударту үшін көп уақыт кететінін айтты

«Көңілім толмайды»: Луиш Нани Қазақстан футболының кемшілігін атады
ФК "Ақтөбе"

Португалиялық жартылай қорғаушы Луиш Нани Қазақстан футболына бейімделу оңай болмай жатқанын айтты. «Ақтөбе» сапында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі футболшы жергілікті чемпионаттағы кейбір жайттардың өзін таңғалдырғанын жасырмады.

«Шынымды айтсам, Қазақстан чемпионатының ерекшеліктеріне әлі де бейімделіп жатырмын. Кейбір сәттерге көңілім толмайды. Әсіресе, ойын кезінде тәртіп бұзушылықтарға назар аудартуға уақыттың көп жоғалатыны байқалады. Соның салдарынан матчтың қарқыны бәсеңдеп кетеді. Дегенмен бұл - жергілікті футболдың бір ерекшелігі. Мен мұнда ойнау үшін келдім және осы ортаға мүмкіндігінше тез үйренуге тырысып жатырмын», - деді Нани Sports24.kz-ке берген сұхбатында.

Еске салайық, «Ақтөбе» ҚПЛ-дің сегізінші турында сырт алаңда «Ордабасыдан» 0:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Матчтан кейін Нани бұл нәтижені әділетсіз деп бағалап, «Ақтөбенің» кем дегенде тең ойынға лайық болғанын айтқан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам