Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Клубтар ақша игерумен айналысып кеткен»: Танымал блогер футболды қалай дамыту керегін айтты

04.05.2026, 18:35

Әлібековтің сөзінше, мемлекеттік қаржы балалар футболын дамытуға бөлінуі тиіс

«Клубтар ақша игерумен айналысып кеткен»: Танымал блогер футболды қалай дамыту керегін айтты
ФК "Ордабасы"

Танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков қазақстандық футбол клубтарының мемлекет қаржысына тәуелді болуына қарсы екенін айтты. Қазір шымкенттік «Ордабасының» амбассадоры атанған ол кәсіби клубтар жекеменшік инвесторлардың басқаруына өтуі керек деп есептейді.

Әлібековтің сөзінше, мемлекеттік қаржы ең алдымен балалар футболын дамытуға бағытталуы қажет. Ал кәсіби клубтар жеке инвесторлардың қолына өтсе, олардың жұмысы әлдеқайда тиімді болар еді.

«Қазақстан футболына шексіз мемлекеттік қаржы құя берудің қажеті жоқ. Мен нақты кәсіби футбол туралы айтып отырмын. Мемлекеттің ақшасы балалар футболына жұмсалуы тиіс. Ал премьер-лига клубтары жеке инвесторларға тиесілі болғаны дұрыс.

Шымкент – жекеменшік басқарудың қандай нәтиже бере алатынын көрсететін тамаша мысал. Себебі бизнесмен әр тиынды есептейді. Ал біздегі көп клуб маусым сайын тек қаржы игерумен айналысып кетеді. Сол қаражатты балалар футболына, манеждер мен алаңдар салуға бағыттау әлдеқайда пайдалы болар еді. «Ордабасы» — жекеменшік инвестицияның мүмкіндігін дәлелдейтін жақсы үлгі», – деді Бейбіт Әлібеков Sports24.kz-ке берген сұхбатында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам