Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Темірлан Анарбеков түркиялық топ-клубтың назарына ілікті

17.05.2026, 22:20

Бұл туралы түркиялық футбол агенті Али Эмре әлеуметтік желіде жазды

Темірлан Анарбеков түркиялық топ-клубтың назарына ілікті
әлеуметтік желі

Алматылық «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековке Түркияның «Фенербахче» клубы қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы түркиялық футбол агенті Али Эмре әлеуметтік желіде жазды.

Түркия чемпионатындағы трансферлерге маманданған агенттің айтуынша, «Фенербахчеге» дәл Анарбеков секілді қақпашы қажет. Ол командаға шабуылды қақпадан өрбітетін емес, қорғанысты сенімді басқарып, шешуші сәттерде командасын құтқарып қала алатын голкипер керек екенін атап өтті.

«Бізге қақпа сызығында қатып тұратын қақпашы қажет емес. Сенімді ойнайтын, қорғанысты басқара алатын және матч тағдырын шеше алатын голкипер керек. Мен үшін бірінші нұсқа — Цолакис, одан кейін Темірлан Анарбеков», – деп жазды Али Эмре.

Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы сәтті ойындарынан кейін Анарбековке еуропалық клубтардың қызығушылығы туралы әңгіме көбейе бастады. Әсіресе оның турдың үздік ойыншылары қатарына енуі қазақстандық қақпашының беделін арттыра түсті.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам