«Ақтөбе» футбол клубындағы дау: Матч кезінде жарақат алған әйел сотқа бермек

Telegram WhatsApp

Ақтөбеде футбол матчында жарақат алған әйел сотқа жүгінбек

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Ақтөбеде футбол матчында жарақат алған әйел сотқа жүгінбек. Ол стадиондағы қауіпсіздік талаптарының сақталмағанын айтып, материалдық әрі моральдық шығынды өндіріп алуды көздеп отыр.

Оқиға «Ақтөбе» мен «Алтай» командалары арасындағы матч кезінде болған. Ақтөбе қаласының тұрғыны Аянай Елтоқова стадионға отбасымен бірге барғанын айтады. Оның сөзінше, ойын барысында жоғары жылдамдықпен ұшып шыққан ауыр доп трибунаға жетіп, бетіне тиген.

«Қан кетті, басымды төмен түсірдім. Кейін не болып жатқанын мүлде түсінбедім. Ауруханаға барған соң дәрігерлер шұғыл түрде ауруханаға жату қажет екенін айтты. Нәтижесінде маған жабық бас-ми жарақаты және ауыр деңгейдегі ми шайқалуы диагнозы қойылды»

дейді зардап шеккен тұрғын

Аянай Елтоқованың айтуынша, оқиғадан кейін бас ауруы, ұйқысыздық және жалпы әлсіздік әлі күнге дейін мазалап келеді. Сонымен қатар, ол футбол клубының жағдайға байланысты әрекетіне көңілі толмағанын жасырмады.

Қазіргі таңда Аянай Елтоқова сотқа талап-арыз дайындап жатыр. Ол материалдық және моральдық шығынды өндіріп алумен қатар, футбол матчтарындағы көрермендердің қауіпсіздігіне қатысты талаптарды қайта қарау қажет деп санайды.

«Менің орнымда егде жастағы адам немесе кішкентай бала отыруы мүмкін еді. Ондай жағдайда салдары әлдеқайда ауыр болуы ықтимал еді»

дейді ол

Өз кезегінде «Ақтөбе» футбол клубының медиа-офицері Асет Жомарт мұндай жағдай клуб тарихында алғаш рет болғанын айтты.

«Біз ресми түрде кешірім сұрадық. Ертең кездесіп, өзіне және жолдасына бір жылдық абонемент пен клубтың фирмалық жейделерін табыстауға келістік. Қорғаныс торлары бүкіл алаң бойына орнатылмайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес олар тек қақпа артында қойылады»

деді клуб өкілі

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 850 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›