Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Луиш Нани стадионда жарақат алған жанкүйерге футболкасын сыйлады

19.05.2026, 17:05

«Ақтөбе» – «Алтай» матчы кезінде ақтөбелік жанкүйер жарақат алған

Луиш Нани стадионда жарақат алған жанкүйерге футболкасын сыйлады
ФК "Ақтөбе"

Қазақстан Кубогы аясында өткен «Ақтөбе» – «Алтай» матчы кезінде жарақат алған жанкүйерге клуб тарапынан қолдау көрсетілді.

Еске салайық, кубоктық кездесуде трибунада отырған Аянай Елтоқоваға доп тиіп, жарақат алған болатын. 

Клуб мәліметінше, оқиға орнында Аянайға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, кейін жедел жәрдем қызметі оны жақын маңдағы ауруханаға жеткізген.

«Орталық стадионда Аянайға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем-дом шаралары жүргізілді», – деп мәлімдеді клуб өкілдері.

Кейін Аянай Елтоқова жолдасымен бірге клуб кеңсесіне арнайы барып, «Ақтөбенің» жұлдызды ойыншысы – португалиялық футболшы Луиш Нанимен кездесті.

Кездесу барысында тәжірибелі футболшы жанкүйерге қолтаңбасы қойылған естелік футболка сыйлап, сондай-ақ ерлі-зайыптыға қауіпсіз секторға арналған екі маусымдық абонемент табыстаған.

«Командамыздың жұлдызы қонақтарға арнайы қолтаңбасы бар жейде сыйлап, қауіпсіз секторға екі маусымдық абонемент ұсынды», – делінген клуб хабарламасында.

«Ақтөбе» футбол клубы кездесуден кейін тараптар өзара түсіністікке келгенін атап өтті. Сонымен қатар клуб өкілдері жанкүйерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

«Ақтөбе» футбол клубы өз алаңындағы матчтардың ұйымдастырушысы ретінде стадиондағы көрермендердің қауіпсіздігіне жауап береді және бұл бағыттағы жұмысты алдағы уақытта да жалғастырады», – деп мәлімдеді клуб.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам