Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Килиан Мбаппе «Челсиге» ауысуы мүмкін

Бүгін, 10:17

Бұл трансферге «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо бастамашы болған

Килиан Мбаппе «Челсиге» ауысуы мүмкін
Getty Images

Лондондық «Челси» «Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппені өз қатарына қосуға мүдделі.

ElNacional мәліметінше, ағылшын клубы франциялық жұлдыздың трансферіне қатысты нақты қадамдарға көшкен. «Челси» өкілдері футболшының анасы әрі агенттік мәселелерімен айналысатын Файза Ламаримен байланыс орнатқан.

Басылымның жазуынша, бұл трансферге «Челсидің» жаңа бас бапкері Хаби Алонсо бастамашы болған. Испаниялық маман Мбаппемен қайта бірге жұмыс істегісі келеді.

Алонсо мен француз шабуылшысы арасында жақсы қарым-қатынас «Реал» жүйесінде бірге болған кезеңде қалыптасқаны айтылуда. Сол себепті лондондық клуб Мбаппені команданың басты жобаларының біріне айналдыруды көздеп отыр.

Килиан Мбаппе «Реалға» 2024 жылдың жазында ПСЖ клубынан еркін агент ретінде ауысқан болатын. Биылғы маусымда 27 жастағы шабуылшы барлық турнирде 43 матч өткізіп, 41 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. Футболшының мадридтік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.

Сонымен қатар, «Челсидегі» кадрлық өзгерістер аясында қазақстандық жас талант Дастан Сәтпаев та Лондонға аттануға дайындалып жатыр. 1 шілдеде қазақстандық шабуылшы ағылшын клубындағы алғашқы жаттығуына қатысады. Дәл осы кезеңде Хаби Алонсо команданың жас ойыншыларымен танысуды бастайды.

Еске салайық, 2025 жылдың ақпан айында алматылық клуб 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқанын ресми түрде жариялаған еді. Трансфер құны 2,4 миллион еуроға бағаланып, бонустар арқылы 4,3 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін. Футболшымен бес жылдық келісімшарт жасалған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам