Соңғы рет лондондықтар 2003/04 жылы АПЛ-ды жеңген болатын
«Арсенал» 22 жылдық үзілістен кейін қайта Англия чемпионы атанды. АПЛ-дің 37-турында лондондықтардың басты қарсыласы – «Манчестер Сити» ұпай жоғалтып, титул автоматты түрде Артета шәкірттеріне бұйырды.
Бұған дейін «Арсенал» қатарынан үш жыл бойы чемпионатты екінші орынмен аяқтаған. Екеуінде «Манситиге» жол берсе, былтыр «Ливерпуль» чемпион атанған еді.
Биылғы маусым бойы «Арсенал» турнир кестесінде көш бастап келді. Алайда, сәуір айында бірнеше матчта ұпай жоғалтып, «Манчестер Ситимен» ұпайы теңескен еді. Енді бұл жолы «қалалықтар» соңғы сәтте «Борнмутпен» тең ойнап (1:1), өз мүмкіндігінен айрылып отыр.
Осы жексенбіде Микель Артета шәкірттері чемпионаттағы соңғы ойынын өткізіп, кубокті басына көтереді. Бұл – клуб тарихындағы 14-ші чемпиондық. Соңғы рет «Арсенал» 2003/04 жылы АПЛ королі атанған болатын.