Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мбаппе сүйіктісіне миллион долларлық әшекей сыйлады

Бүгін, 11:05

Футболшы актрисаға 1,2 миллион доллар болатын гауһар тасты алқа сыйлаған

Мбаппе сүйіктісіне миллион долларлық әшекей сыйлады
коллаж: 1bol.kz

Мадридтік «Реалдың» жұлдызды шабуылшысы Килиан Мбаппе бұл жолы футболдағы ойынымен емес, жеке өміріндегі қымбат сыйлығымен көпшіліктің назарын аударды.

Шетелдік басылымдардың мәліметінше, француз футболшысы өзінің сүйіктісі – танымал испаниялық актриса Эстер Экспоситоға құны шамамен 1,2 миллион доллар болатын гауһар тасты алқа сыйлаған.

Айтуларынша, бұл ерекше сыйлық Канн кинофестивалі қарсаңында табысталған. Эстер Экспосито аталған фестивальдің ең көп талқыланатын қонақтарының бірі саналады. Ал Мбаппе сүйіктісінің қызыл кілемде өзгелерден ерекшеленуіне барынша мән берген көрінеді.

Айта кетейік, 26 жастағы Эстер Экспосито Netflix платформасындағы «Элита» сериалы арқылы әлемге танылған. Қазіргі таңда актрисаның Instagram парақшасына 24 миллионнан астам адам жазылған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам