Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Артета «Арсеналдың» чемпион болуына әйелінің ерекше үлес қосқанын айтты

Бүгін, 11:15

Биыл «Арсенал» 22 жылдан кейін алғаш рет Англия чемпионы атанды

Артета «Арсеналдың» чемпион болуына әйелінің ерекше үлес қосқанын айтты
Getty Images

Лондондық «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артета команда жетістігінде жұбайының ерекше орны бар екенін айтты.

Испаниялық маманның сөзінше, отбасының қолдауы оған ең қиын сәттерде сабыр сақтап, өзіне деген сенімді жоғалтпауға көмектескен.

«Онсыз мұның ешқайсысы болмас еді. Дәл сол кісі маған осы жолда қажет болған сабырды, сенімді және энергияны сақтап қалуға көмектесті», – деді Артета Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Айта кетейік, биыл «Арсенал» Микель Артетаның жетекшілігімен 22 жылдан кейін алғаш рет Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Лондон клубы турнир кестесінде Хосеп Гвардиола баптайтын «Манчестер Ситиден» озып шықты.

Сонымен қатар «Арсенал» соңғы 20 жылда алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына жолдама алып, 30 мамырда шешуші матчта Францияның «ПСЖ» клубымен кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам