Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстан футболының ардагері өмірден өтті

24.05.2026, 16:07

Сергей Егорович Қазақстан футболы тарихында өшпес із қалдырды

Қазақстан футболының ардагері өмірден өтті
ФК «Қайрат»

84 жасында Қазақстан футболы ардагері, «Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы Сергей Рожков өмірден өтті.

Сергей Егорович «Қайрат» сапында 1966–1967, 1970–1973, 1975–1976 жылдары өнер көрсетті. Алматы клубы құрамында 203 матч өткізіп, 25 гол соқты, команданың капитаны болды, өз дәуірінің ең жарқын футболшыларының бірі атанды.

1971 жылы Сергей Рожков «Қайратпен» бірге Халықаралық теміржолшылар спорт одағы кубогының иегері атанды. Сергей Егорович — КСРО спорт шебері, 1969 жылғы КСРО чемпионы, КСРО Кубогының екі дүркін иегері, сондай-ақ КСРО құрамасы сапында бір матч өткізген.

«Қайрат» ФК Сергей Егоровичтің туған-туыстары мен жақындарына, достарына, бұрынғы командаластарына, оны таныған барша жанға көңіл айтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам