Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақтөбе» бразилиялық жартылай қорғаушы Гауденсиомен қоштасты

Бүгін, 13:43

23 жастағы футболшы командадан тараптардың өзара келісімі негізінде кеткен

«Ақтөбе» бразилиялық жартылай қорғаушы Гауденсиомен қоштасты
ФК "Ақтөбе"

«Ақтөбе» футбол клубы бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсио Нуньеспен арадағы келісімшартты тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді.

Клуб таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 жастағы футболшы командадан тараптардың өзара келісімі негізінде кеткен. Орталық алаңда өнер көрсететін ойыншы «Ақтөбе» сапына биыл сәуір айының басында қосылған болатын. Алайда ол Қазақстан Премьер-лигасының матчтарына тіркелмей, ақ-қызылдар құрамында бірде-бір ресми кездесуге қатысқан жоқ.

Бразилиялық футболшы — «Конкордия» клубының түлегі. «Ақтөбе» оған алдағы мансабына сәттілік тілеп, ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, ҚПЛ-2026 маусымының 11 турында FC Aktobe 15 ұпай жинап, турнир кестесінде жетінші орында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам