Лионель Месси әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алды

Telegram WhatsApp

Кездесу «Интер Майамидің» 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды

Getty Images
Getty Images

Лионель Месси клубтар арасындағы әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алып, жанкүйерлерді алаңдатып қойды.

«Интер Майами» капитаны MLS аясындағы «Филадельфия Юнионға» қарсы матчта аяғын жарақаттап алды. Аргентиналық шабуылшы кездесудің соңына қарай алаңды мерзімінен бұрын тастауға мәжбүр болды.

Оқиға матчтың 70-минутында тіркелді. Айып добын орындағаннан кейін Месси сол аяғының жоғарғы бөлігін ұстап, жайсыздық сезінгенін байқатты. Араға бірнеше минут салып, футболшы бапкерлер штабына ауыстыру сұрап, 73-минутта алаңнан шықты. Оның орнына Матео Сильветти ойынға қосылды.

Жарақатына қарамастан, Месси медициналық көмексіз өз бетімен киім ауыстыратын бөлмеге кеткен.

Кездесу «Интер Майамидің» 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Биылғы маусымда аргентиналық жұлдыз MLS-тегі ең нәтижелі футболшылардың бірі болып отыр. Ол 14 матчта 20 нәтижелі әрекет жасап, 12 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген.

Ал «Интер Майами» сапындағы жалпы статистикасында Месси 67 матчта 62 гол мен 45 ассист тіркеп, 107 нәтижелі әрекетке қол жеткізді.

Қазіргі мәлімет бойынша, Месси Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысады деп күтілуде. Алайда команданың соңғы құрамы әлі ресми жарияланған жоқ. Әлем чемпиондары топтық кезеңдегі алғашқы матчын 16 маусым күні Канзас-Ситиде Алжир құрамасына қарсы өткізеді. Бұған дейін Аргентина құрамасы Гондурас және Исландиямен жолдастық кездесулер ойнайды.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 57 850 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 282 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 521 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 281 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 288 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 830 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 498 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 330 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 306 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 483
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›