Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстан футболдан әлем чемпионатында жеңіске жете ала ма

Бүгін, 19:32

Суперкомпьютер 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазын болжады

Өзбекстан футболдан әлем чемпионатында жеңіске жете ала ма
ЎФА

Opta суперкомпьютері 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы басты фавориттер рейтингін жариялап, Өзбекстан құрамасының турнирдегі мүмкіндігін бағалады.

Статистикалық порталдың есебіне сәйкес, Өзбекстанның әлем чемпионы атану ықтималдығы небәрі 0,07 пайызға тең. Ал топтық кезеңнен шығып, плей-оффқа жолдама алу мүмкіндігі 5,45 пайыз деп көрсетілген. 1/16 финалға жету ықтималдығы - 12,25 пайыз.

Сондай-ақ Opta болжамы бойынша, өзбек құрамасының ширек финалға шығу мүмкіндігі 3,78 пайызды құрайды. Жартылай финалға жету ықтималдығы - 1,16 пайыз, ал финалға шығу мүмкіндігі 0,32 пайыз деп бағаланған.

Портал нұсқасы бойынша, 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фавориті - Испания құрамасы. Испандықтардың чемпион атану мүмкіндігі 15,43 пайызға бағаланып отыр. Екінші орында Франция (12,54%), ал үздік үштікті Англия түйіндеген - 10,88%.

Opta рейтингі бойынша әлем чемпионатының басты фавориттері:

- Испания - 15,43%
- Франция - 12,54%
- Англия - 10,88%
- Аргентина - 10,28%
- Португалия - 6,73%
- Бразилия - 6,62%
- Германия - 5,62%
- Нидерланды - 3,88%
- Норвегия - 3,59%
- Бельгия - 2,26%

Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алып отыр. Сондықтан Opta жасаған бұл болжам Орталық Азия футболы үшін де ерекше назар аудартты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам